Қоғам

Өскеменде бұйырған бір ұпай

Өскеменде бұйырған бір ұпай! Петропавлдық “Қызылжар” футбол клубы ел біріншілігінің 21-туры аясында “Алтай” командасымен кездесті. Сырт алаңдағы матч 2 де 2 есебімен аяқталды. Есепті қонақтар ашты. Алғашқы тайм аяқталар шақта теріскейлік жартылай қорғаушы Йоханнес Бьорталид ғаламат соққымен көзге түсті. Ал ойынның екінші жартысында өскемендіктер көсіле алға ұмтылды. Нәтижесінде ала допты 2 мәрте қақпамызға дарытты. Жеңіс алаң иелерінің қолында тұрған. Алайда соңғы секундтарда шабуылшымыз Этьен Бугре таразы басын теңестіріп кетті. Соңғы 4 ойында 8 ұпай жинаған “Қызылжар” турнирлік кестеде 8-ші сатыға көтерілді. Ендігі матч азулы “Астана” клубына қарсы Петропавлдағы “Қарасай” стадионында өтеді. Тартысты матч тамыздың 16-шы жұлдызына белгіленген.

Байболат Култанов