Қоғам

Облыс әкімі өңір тұрғындарын Абай күнімен құттықтады

Облыс әкімі солтүстікқазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады. Құттықтауында Ғауез Нұрмұхамбетов ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, ағартушының рухани мұрасы – халқымыздың баға жетпес қазынасы екенін атап өтті. Оның терең мағыналы өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, еңбекқорлыққа, адалдық пен ізгілікке жетелейтінін де қосты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Ақын мұрасы ұлттық болмысымызды нығайтып, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, парасаттылық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға қызмет етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Сондықтан ұлы ақынның асыл мұрасын зерделеу, оны кеңінен насихаттау және келер ұрпаққа аманаттау – баршамызға ортақ міндет. Абай күні әр шаңыраққа рухани серпіліс, бірлік пен береке әкелсін! Еліміз өркендеп, халқымыздың мерейі үстем болсын!

 

 

Байболат Култанов