Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі – елдегі заң шығару үдерісін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай пікірді Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Нұрқасым Хасеновтен естідік. Қоғамдық істердің басы-қасында жүрген азамат ел басқару ісінде өзгерістер қажет деп санайды. Белсенді жерлесіміздің пікірінше, өзгерістер мәселелерді жаңаша қарауға және аз уақытта шешуге әкеледі.
НҰРҚАСЫМ ХАСЕНОВ, Ақжар аудандық мәслихатының депутаты:
– Бұл Қазақстан үшін үлкен қадам деп ойлаймын. Екі палаталы Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі заңдардың тиімді әрі тез қабылдануына, еліміздің көркеюі мен дамуына, жаңа өзгерістердің жүзеге асуына және халыққа пайдасын тигізуіне ықпал етеді деп сенемін. Өз басым бұл бастаманы қолдап, дауысымды беремін.
Улан Ыдырыс