«Солтүстік Қазақстан облысының Абай еліне жасаған тартуы – жай ғана жаңа нысан емес. Бұл – ұлы Абайға, ұлттық құндылықтарымыз бен халқымыздың рухани мұрасына деген терең құрметтің жарқын белгісі. Мемлекеттік рәміздер алаңы елдік рухты асқақтатып, өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекетке адалдық қасиеттерін қалыптастыруға қызмет етеді. Бүгінгі тарту – Ертіс пен Есілді жалғаған достықтың, Шығыс пен Солтүстікті табыстырған бауырластықтың және тұтас халқымыздың бірлігінің нышаны», – деп атап өтті Нұрлан Кеңесов.
Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Гимнді біртұтас сәулеттік ансамбльге біріктірген алаң Семейдің жаңа қоғамдық кеңістігіне айналды. Аумағы 2 гектарды құрайтын нысанның орталық бөлігі диаметрі 28 метр болатын шеңбер түрінде салынған. Сәулеттік композицияның басты элементі – Мемлекеттік Ту орнатылған биіктігі 35 метрлік тұғыр. Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Гимннің мәтіні 10 метр биіктікте орналасқан. Алаң аумағында жаяу жүргіншілер жолдары мен демалыс орындары қарастырылып, орындықтар қойылып, гүлзарлар абаттандырылды. Жобаның бас мердігері – солтүстікқазақстандық Miras Group компаниясы.
«Подарок Северо-Казахстанской области земле Абая – это не просто новый объект. Это яркий символ глубокого уважения к великому Абаю, национальным ценностям и духовному наследию нашего народа. Площадь государственных символов призвана укреплять дух государственности, воспитывать у подрастающего поколения любовь к Родине и преданность своей стране. Сегодняшний подарок – символ дружбы, соединяющей Иртыш и Ишим, братства между Востоком и Севером, единства всего нашего народа», — отметил Нурлан Кенесов.
Площадь государственных символов представляет собой новое общественное пространство, объединившее Государственный Флаг, Государственный Герб и текст Государственного Гимна в единый архитектурный ансамбль. Общая площадь территории составляет 2 гектара. Центральная часть архитектурной композиции выполнена в форме круга диаметром 28 метров. Ее главным элементом стал 35-метровый флагшток с Государственным Флагом. Государственный Герб и текст Государственного Гимна размещены на высоте 10 метров. На территории обустроены пешеходные зоны и места для отдыха, установлены скамейки, разбиты озелененные клумбы. Генеральным подрядчиком проекта выступила североказахстанская компания Miras Group, руководителем которой является Малик Исин.

