Құрылтай депутаттарының сайлауы алдында жеті саяси партияның облыстық филиалдары ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы аптадағы атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталсақ. Апта басынан “Respublica” партиясының өкілдері теріскей тұрғындарымен 7 кездесу өткізді. Айыртау және Қызылжар аудандарына барған. “Әділет” партиясының мүшелері де ауылдық ағайынмен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерге ат басын бұрып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының” белсенділері қала мен аудандарды аралап, халыққа 100-ге жуық ақпараттық материал таратқан. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарлама жайлы түсіндірген. “Байтақ” партиясы сайлауға дайындықты пысықтауға арналған кеңес өткізген. Күн сайын шаһар тұрғындарын маңызды науқанда дауыс беруге шақырды. “Ақжол” партиясының мүшелері апта басынан 80-ге жуық адам қамтылған 6 кездесу өткізді. Саяси ұйым басты назарды мүмкіндігі шектеулі балаларға аударды. Ал Қазақстан халық партиясы облыс орталығында тазалық жұмыстарын жүргізіпті. Сондай-ақ, халық көп жүретін жерлерге жаднама қағаздарын жапсырған. “Ауылдықтар” болса Шал ақын және Есіл аудандарына барып, жергілікті тұрғындармен тілдескен. Кездесу барысында ауыз су, инфрақұрылымды дамытум сынды мәселелер көтерілді.
Нурасыл Ахмет

