Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда Абайдың 181 жылдығына орай әдеби-музыкалық кеш өтті

“Бірің қазақ, бірің дос, көрмеген істің бәрі бос” деп елдің бірлігі мен адамдық қасиетті биік қойған Абайдың сөзі арада қанша жыл өтсе де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Биыл ақынның туғанына 181 жыл толып отыр. Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Абай-дара, Абай-дана” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараға әдебиетсүйер қауым, соның ішінде жастар, кітапхана оқырмандары мен әскери қызметшілер қатысты. Кеш барысында ақынның шығармалары оқылып, күйлері домбыраның қоңыр үнімен орындалды. Осылайша, әдеби кеш Абайдың өмірін кеңінен танытып, оның шығармашылығына тағы бір мәрте үңілуге мүмкіндік берді.

 

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы-журналист:
– Абай – қазақтың ұлы ақыны, данышпан адам. Абай реализмді қазақ даласына әкелді. Басқаларға ұқсамайтын, нағыз реалист адам болған. Абайдың өлеңдері, әндері – бәрі нағыз өмір шындығы. Сәбит Мұқанов айтқан: “Мен бірінші рет өмір шындығын көрдім Абайдан. Өзіміздің өмірімізді жазған екен, соған қызықтым”. Ол бәріне үлгі болған.

 

Жансая Дербисова