Қоғам

Дениэл Эдилов: “Жаңадан сайланған халық қалаулылары тың жобаларды жүзеге асырады”

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейін 2 аптадай ғана уақыт қалды. Қазіргі таңда жоғары заң шығарушы органның құрамына өтуге 545 үміткер тіркелген. Оның 145-і ғана сайланатын болады. Науқан алдында заңгер көмекшісі, белсенді жас Дениэл Эдилов барша солтүстікқазақстандықтарды дауыс беруге шақырды және әлеуметтік желіде жүрген жалған ақпарға сенбеу қажеттігін айтты.

ДЕНИЭЛ ЭДИЛОВ, заңгер көмекшісі:
– Көбі “Құрылтайға” бұрын депутат болған жандар қайта сайланады деп ойлайды. Бұл – жаңсақ пікір. Мен кандидаттардың барлығын зерттедім. Оның ішінде 58 адам бұрын халық қалаулысы болған. Қалғаны – жаңа есімдер. Менің ойымша, жаңа адамдар тың бастамаларды қолға алып, өзекті мәселелерді шешеді.

 

Аружан Султанова