Ақжар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Көкшетау-Кішкенекөл бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдың жағдайымен танысты. Аталған аралықтың қашықтығы 230 шақырымды құрайды. Оның 58 шақырымына күрделі, ал 102 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жол құрылысы жоспарға сай жалғасып жатыр. Осы аптада бірінші учаскеде 20 шақырымға жуық жер төсемі дайындалды. Сондай-ақ, 14 км аралықтың үсті, 12 жарым шақырымның астыңғы қабаты және 9 шақырымның төменгі негізі төселді. Марат Иманбайұлы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, айналма жолдардың сапасы сын көтермейтінін жеткізді Жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Жоба аясында 20 автобус аялдамасы 35 су өткізгіш құбыр, 2 мыңнан астам жол белгісі мен сигналдық баған орнатылуы тиіс, бұдан бөлек 7 демалыс алаңы салынуы керек.
Улан Ыдырыс

