1995 жылы қабылданған Конституция негізінде қос палаталы Парламент – Сенат пен Мәжіліс құрылды. Содан бері заң шығарушы орган елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарып келді. Депутаттар түрлі салаларды реттейтін заңдарды қабылдап, мемлекеттің құқықтық негізін жетілдіруге үлес қосты. Бүгінде елімізде ауқымды саяси өзгерістер орын алуда. Аталмыш реформалардың маңызды кезеңдерінің бірі – Құрылтай депутаттарының сайлауы. 23 тамызда өтетін саяси науқанда азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашағына үн қоса алады.
МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
– 23 тамыз күні Парламент депутаттарының сайлауы өтеді. Барша саналы азаматтарды азаматтық ұстанымын танытып, дауыс беруге шақырамыз. Құрылтай құрамына тәжірибелі депутаттар, қоғам қайраткерлері мен елге еңбегі сіңген кәсіпкерлер енуі тиіс. Бір палаталы жүйе жаңа заңдарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына және халықтың тұрмыс сапасының артуына оң ықпал етеді.
Улан Ыдырыс

