Құрылтай сайлауы – мемлекетіміздің дамуына, қоғамның әл-ауқатына және елдің жарқын болашағына тікелей ықпал ететін саяси науқан. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін жауапты сәт. “Ел тағдырына қатысты мәселелерде тұрғындардың пікірі ескерілсе, қоғам мен билік арасындағы байланыс нығаяр еді”. Бұл – қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Шамиль Шакировтың пікірі. Азамат алдағы сайлауға жерлестеріміздің белсенді қатысқанын қалайды.
ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:
– Әділетті Қазақстанды барлығымыз бірге құруымыз қажет. Бұл науқанда әр адамның дауысы аса маңызды. Алдағы уақытта жаңадан сайланған халық қалаулылары өзекті мәселелерді көтеріп, шешілуіне септеседі деп ойлаймын. Себебі, “Құрылтай” деген сөздің ішінде қаншама мән-мағына жатыр. Сондықтан да депутаттарға түсетін жауапкершілік жүгі ауыр болмақ.
Нурасыл Ахмет