Петропавлда 23-тамызда 157 мыңнан астам адам дауыс береді. Бұл күні оларға 92 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Нысандарда тұрғындарға бар жағдай жасалған ба? Оны тексеру үшін қалалық сайлау комиссиясының мониторингілік тобы өз жұмысын бастады. Мамандар бүгін 28-ші жалпы білім беретін мектепте орналасқан №672 сайлау учаскесіне келді. Тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайға ерекше назар аударылды. Ерекше күтімді қажет ететін жандар дауыс беру үшін учаскеге кіреберіс жерде стандарттарға сай келетін пандус, ал ғимарат ішінде арбамен жүретін азаматтар үшін баспалдақсыз кең кеңістік болуы керек. Нашар көретін адамдарға арналған тактильді жолақтар төселуі тиіс. Айта кету керек, қалада мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар.
КЕҢЕС МҰҚЫШЕВ, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Сонымен қатар, учаскелерде арнайы құлаққаптар, лупалар болуы тиіс. Қажет болған жағдайда оларға еріктілер де көмек көрсетеді. Біз 23-тамызға дейін қаладағы барлық учаскені аралауды жоспарлап отырмыз. Жалпы, науқанға толықтай дайынбыз айта аламын.
Мониторингілік топ №672-ші сайлау учаскесінде еш кемшілік таппады. Айта кету керек, Құрылтай депутаттарын сайлау күні мұнда 1600-ден астам дауыс береді. Оларға 7 адам қызмет көрсетеді.
Нурасыл Ахмет

