Kurultai banner mobile

Спорт

Өңір ардагерлері асық атудан өткен ел чемпионатында бес медаль жеңіп алды

1-3 тамыз күндері Ақтөбе облысында асық атудан ардагерлер арасында ел чемпионаты өтті. Бәсі биік додаға сақасын сайлап, асығын майлаған 100-ден астам спортшы қатысты. Ұлттық спортымыз ұлықталған додада теріскейліктер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 3 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістікті облыстық “Асық ату” қоғамдық бірлестігінің президенті Ербол Оспанов жоғары бағалайды.

ЕРБОЛ ОСПАНОВ, СҚО “Асық ату” ҚБ президенті:
– Чемпионат өте тартысты өтті. Жарысқа барлығы 12 команда келді. Қатысушылардың барлығы бір-бірімен бақ сынасты. СҚО-да асық ату спорты қарқынды дамып келеді. Чемпион қыздарымыз жетерлік.

Ел чемпионатында өңір намысын абыроймен қорғап, қоржынға жүлде салғандардың арасында Әсет Рамазан да болды. Жамбылдық ардагер асық атумен 10 жылдан бері айналысып келеді. Жасы жетпіске келген ағамыз үшін аталған спорт түрі жай ғана хобби емес, өмірінің ажырамас бөлігі. Айта кету керек, ол бұған дейін де түрлі жарыстардан олжалы оралған,

ӘСЕТ РАМАЗАН, асық атудан ел чемпионатының жүлдегері:
– Бұған дейін 3 мәрте облыс чемпионатында жеңімпаз атандым. Республикалық додалардың бірнеше дүркін жүлдегерімін.

Ардагер спортшы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатыспақ ниетте. Сонымен қатар, артынан бірнеше ізбасар дайындағысы келеді. Айта кету керек, облыста барлығы 500-ге жуық адам тұрақты түрде асқы атумен айналысады.

 

Жансая Дербисова