Облыс прокуратурасының қызметкерлері халыққа тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Азаматтар тұрғын үй қатынастары, отбасы құқығы, әлеуметтік кепілдіктер, сот шешімдерін орындау және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңес алды. Бір азаматты алаяқтар алдамақшы болған. Қулар петропавлдыққа тағы да өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, несие рәсімдеуге және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға үгіттеген. Прокурорлар мұндай жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, мамандарға жұмысынан кетсе де тиісті төлемдерін ала алмаған аққайыңдық азамат, сатып алған тауары ақаулы болып шығып, ақшасын қайтара алмаған есілдік тұрғын жүгінді. Барлығына өз құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібімен қорғау жолдары түсіндірілді.
Данаш Хамза