Kurultai banner mobile

Қоғам

Кәсіпкерлер арасында “Ұлы дала елі” мен “Адал азамат” конкурстарына өтінім қабылдау басталды

Елімізде кәсіпкерлерге арналған қос бірдей республикалық конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау басталды. Биыл теріскейлік бизнес өкілдері “Ұлы Дала елі” бірыңғай брендін пайдалану құқығына ие болуға және “Адал азамат” атағын алуға үміткер бола алады. Өтінімдерді “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары 1-ші қазанға дейін қабылдайды.

МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы
– Ұлы дала елі” конкурсының негізгі мақсаты – отандық экспорттаушы кәсіпорындарды ынталандыру, олардың өнімдерін “Ұлы Дала елі” бірыңғай бренді аясында ілгерілету және Қазақстанның шетелдегі танымалдылығын арттыру. Бұл марапат халықаралық нарықтарда Қазақстан бренді мен беделін насихаттап жүрген үздік отандық тауар өндірушілерге табысталады.

 

ГРАФИКА:
“Ұлы Дала елі” конкурсының қатысушыларына қойылатын талаптар:
1. Спорт көлемі белгілі бір өнім түрінің жалпы өндіріс көлемінің кемінде 10%-ын құрауы;
2. Тауар өндіру немесе қызмет көрсету кезінде ішкі қазақстандық үлестің өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың жалпы өзіндік құнының кемінде 30%-ын құрауы;
3. Халықаралық бизнес қауымдастықтарға мүшелігі болуы;
4. Лицензияларының, рұқсат құжаттарының және патенттерінің болуы;
5. Халықаралық марапаттары мен дипломдарының болуы;
6. Ұсынылған портфолиоға сәйкес тауар белгісінің танымалдығы мен компанияның оң беделі.”

Конкурс екі негізгі бағыт бойынша өтеді. Бизнестің экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліктері ескеріледі. Үміткерлер бірқатар талапқа сай болуы тиіс. Мәселен, бір түрдегі өнімнің кемінде 10 пайызы экспортталуы қажет, тиісті лицензиялар, рұқсат құжаттары, патенттер немесе халықаралық наградалар болуы шарт.

МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы
– Адал азамат конкурсының негізгі мақсаты – ҚР-ның кәсіпкерлік субъектілері арасында адал бизнес жүргізу қағидаттарын, әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық, экологиялық белсенділік, қайырымдылық қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу әрі ынталандыру болып табылады. Конкурсқа кемінде үш жыл қызметін жүзеге асырып келе жатқан микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

 

ГРАФИКА:
“Адал азамат” конкурсының қатысушыларына қойылатын талаптар:
1. Қоғамдық маңызы бар және экологиялық бастамаларға, оның ішінде «Таза Қазақстан» акциясына қатысу;
2. Экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған енгізілген немесе іске асырылып жатқан жобалардың болуы;
3. Табиғи апаттардың салдарын жоюға белсенді атсалысу;
4. Қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қатысу”.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жандар altyn.sapa.kz сайтында онлайн форматта өтінімдерін бере алады немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.

Аружан Султанова