Kurultai banner mobile

Қоғам

Тамыз айында ауа райы қандай болмақ?

Шіліңгір шілденің ыстығы теріскейліктерді біраз әбігерге салғаны шындық. Ал тамыз айында күн райы қандай болмақ. Синоптиктердің болжамынша, жаздың соңғы айында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Ай ішінде ауа температурасы кей күндері 32-33 градусқа дейін көтеріледі екен.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:
– Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 13-18 градус жылы, күндіз 22-27, кей жерлерде 32 градус жылыға дейін күтіледі.

Ал кейінгі онкүндіктерде ауа температурасы 8-13 градусқа дейін салқындайды. Ал жауын-шашын мөлшері өңірдің басым бөлігінде қалыпты деңгейден көп болады деп болжанып отыр.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:
– Бір айда жауын-шашынның мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп болады деп күтілуде. Өткінші жаңбыр, найзағай, 15-20 м/с дейін желдің күшейуі болжануда. Найзағай кезінде бұршақ болуы мүмкін. Тұман бірінші онкүндіктің екінші жартысында, екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің соңында болуы мүмкін.

Тамызда тұман жиі байқалуы тиіс, мамандар жүргізушілер мен тұрғындарға жолда және ашық алаңдарда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының өзгерісі жайлы алдын ала біліп отыруға шақырады. Айта кетейік, тамыз айында өңірде ауа райының ерекше құбылыстары да тіркелген. Мәселен, 1952 жылдың 26-шы тамызында сынап бағанасы +38,6 градусқа дейін көтерілсе, 1971 жылдың дәл осы күні термометр көрсеткіші -0,5 градусқа дейін төмендеген.

Улан Ыдырыс