Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

СҚО-да 8 серіктестік “Алтын Сапа” байқауына қатысуға өтінім берген

Қазақстанда “Алтын Сапа” байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Өңір бойынша сайысқа қатысуға 8 серіктестік өтінім берген. Конкурс 4 кезеңнен тұрады. Жеңімпаз атанған тауар өндірушіге 450 АЕК көлемінде сыйақы табысталады. Айта кету керек, шараны “Атамекен” ҰКП ұйымдастыруда.

Байқауға қатысушы солтүстікқазақстандық серіктестіктер:
«Agro Lab» ЖШС;
“Фирма Алекри” ЖШС;
“Изолит” ЖШС;
“Nord Panels ” ЖШС;
“SMBGROUP Family” ЖШС;
“Птицефабрика “Северный бройлер” ЖШС;
“Регион 715” ЖШС;
«Ак Жар& Co» ЖШС.

 

МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
– Байқау 4 аталым бойынша өтеді. Олар: “Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын”, “Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын”, “Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын” және “Азық-түлік өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын”. Конкурсқа қатысушы серіктестіктерде “Менеджмент және сапа” сертификаты болуы тиіс. Енді өтінім берген компаниялар бізге келіп, жобаларын қорғайтын болады.

“Алтын сапа” байқауының 20 жылдың тарихы бар. Басты мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, олар ұсынған жобаларды ел көлемінде жүзеге асыру. Айта кету керек, конкурсқа ел бойынша 200-ге жуық кәсіпкер өтінім берген.

МАГАМЕД ДУДАЕВ, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
Біз байқау аясында серіктестіктерге барамыз. Жобада көрсетілген дүниелердің рас екеніне көз жеткіземіз. Конкурста бас жүлдеден үмітіміз жоғары. Өтінім берген серіктестіктер барлық талаптарға сай келеді.

Айта кету керек, байқаудың қорытындысы желтоқсанда шығады. Жеңімпаздарды Мемлекет басшысы марапаттайтын болады.

Аружан Султанова