Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 133 инвестициялық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда. Осындай жобалардың бірі «Alageum Electric» компаниялар тобына кіретін «Петропавл электротехникалық зауыты» серіктестігі. Кәсіпорын оңтүстік өңірлерден азаматтарды көшіру бағдарламасына белсенді қатысуда. Бүгінде зауытта ішкі қоныс аударушылардан құралған 56 отбасы, бұл — 94 адам жұмысқа орналастырылды. Жанұяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бөліп сатып алу мүмкіндігімен 40 пәтер берілді. Қоныс аудару бағдарламасына қатысушылардың орташа жалақысы 493 мың теңгені құрайды. Аталған тәсіл отбасыларға тұрақты жұмыс, баспана және болашаққа деген сенімділікке қол жеткізуге, ал өңірге еңбек ресурстарын тартуға және өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Аружан Султанова

