Kurultai banner mobile

Спорт

Наталья Богданова жазғы Азия ойындарында бақ сынайды

19-қыркүйек пен 4-қазан аралығында Жапонияда жазғы Азия ойындары өтеді. Әйелдер арасында бокстан еліміздің бас бапкері Елдос Сайдалин жылдың басты додасына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Күншығыс елінде ел намысын 5 былғары қолғап шебері қорғайды. Оның арасында теріскейлік Наталья Богданова да бар. Солтүстікқазақстандық дүбірлі додада жаңа салмақта, яғни, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Айта кету керек, жерлес спортшы соңғы қатысқан 2 байрақты бәсекеде жүлдесіз қалды. 2025 жылғы әлем чемпионы аталған олқылықтың орнын толтырып, Азия ойындарында көк Туымызды көкте желбіретеді деп сенеміз.

Нурасыл Ахмет