Kurultai banner mobile

Қоғам

М.Жұмабаев ауданының тәртіп сақшылары 8 тұрғынға жеке куәлік алуға көмектесті

М.Жұмабаев ауданында полицейлер жеке куәлігі жоқ 8 тұрғынға құжат алуға көмектесті. Олардың қатарында ондаған жыл еңбек етіп, түрлі себептермен жеке басты куәландыратын құжатын ала алмаған азаматтар да бар. Мәселен, М. Жұмабаев ауданының 61 жастағы тұрғыны 80-ші жылдары әскер қатарында қызмет етіп, сол жерде жүргізуші мамандығын меңгерген. Кейін өмір бойы автобус пен жүк көліктерін жүргізіп, түрлі кәсіпорындарда еңбек еткен. Алайда, өмірлік жағдайларға байланысты құжаттарын ала алмаған. Бірақ, бұл мұндай жалғыз жағдай емес. Қазіргі таңда ауданда 8 адам 1974 жылғы үлгідегі төлқұжаттарын ҚР азаматының құжаттарына ауыстырған немесе алғаш рет жеке куәлік алған. Жалпы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 38 адамның құқықтық мәртебесі реттеліп, тағы 75 азаматқа қатысты материал қаралу үстінде.

Улан Ыдырыс