Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында жай ғана ғимараттар ғана емес, жан-жақты ойластырылған заманауи білім беру кешендері салынуда. Солтүстік Қазақстан облысында мұндай 2 оқу орны бар.
Білім беру нысандарының аумағы өзге мектептермен салыстырғанда 15–20%-ға кең. Аталған мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке оқу блоктары бар. Сонымен қатар, білім ұялары бейнебақылау камераларына толы. Бұл оқу орнындағы жайсыз жайттардың орын алмауына септеседі. Айта кету керек, «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған әр білім ошағында робототехника кабинеттері, STEM-зертханалары, коворкинг аймақтары және кең спорт залдары қарастырылған. Басты мақсаты – еліміздегі үш ауысымды оқытуды толықтай жою, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу. Сонымен қатар, барлық оқушыға заманауи, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Нурасыл Ахмет

