Күн өткен сайын Құрылтай сайлауы жақындап келеді. Өңірлер мен аудандарда саяси бәсекеге түскен партия өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір палатадан тұратын жаңа заң шығарушы орган алдағы еліміздің бес жылдық даму бағытын айқындайды. Сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды. Асанәлі Жанатұлының сөзінше, сайлауға қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтын әр тұрғынның азаматтық ұстанымын көрсетеді.
АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, М.Қозыбаев университеті Студенттік үкіметінің президенті:
– Мен үшін ең бастысы, бұл облыстық деңгейде көрсетілім болса екен. Себебі, жастардың ең басты мақсаты – жастар саясатын дамыту. Ең қызығы, әрбір саяси партиялардың құрамында жастардың үлесі өте көп.
Улан Ыдырыс