Қоғам

“Заң мен тәртіп”: абаттандыру талаптарының сақталуы тексерілуде

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында абаттандыру ережелерінің сақталуын қадағалап жүр. Тұрғындар мен кәсіпкерлерге іргелес аумақты таза ұстау қажеттігі заң нормаларымен шегеленіп түсіндірілді. Жалпы, өңірде биыл абаттандыру ережелерін түсіндіру бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылып, оның барысында тұрғындарға 140-қа жуық нұсқама берілген. Оның ішінде 15 материал әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Іс-шаралардың аясында барлығы – 50-ге жуық іскер қамтылған. Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану және хаттамалар жасау бойынша өкілеттіктер берілген.

Аружан Султанова