Биыл Есіл ауданындағы Өндіріс ауылының құрылғанына – 100 жыл. Мерейтойға орай алыс-жақыннан елді мекен тумалары жиналды. Туыстары мен жолдастарын көріп, мәз-мейрам болды. Бұл күні ауыл орнына тарихынан сыр шертер тас белгі орнатылды. Барлығы зират басына барып, бабалар рухына тағзым етті. Кейін жиналған ағайын дастархан басында жылы естеліктерді еске алды. ХХ-ғасырда Өндіріс аудандағы беделді ауылдардың бірі болды. Тұрғындары егін екті, мал шаруашылығымен айналысты. Өкінішке қарай, елді мекен 2009 жылы облыс картасынан өшті. Бірақ, мына тұрғындардың жүрегінен ешқашан өшпесі сөзсіз.
Нурасыл Ахмет