Kurultai banner mobile

Спорт

“Қызылжар” ФК өз алаңында Ақтөбені ірі есеппен жеңді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында “Қызылжар” өз алаңында “Ақтөбе” футбол клубын қабылдады. Ойын әдеттегідей “Қарасай” стадионында өтті. Ең бірінші минуттардан бастап алаң қожайындары қарқынды үдете түсті, нәтижесінде 2-ші минутта Евгений Макаренконың тепкен добы қақпа торының ішінен табылды. Гол соққаннан кейін ақтөбеліктер ойын тізгінін өз қолдарына алды. Игорь Черевченко шәкірттері Қызылжар қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ақыры аяғы бұл өз нәтижесін берді. 37-ші минутқа қарай төреші батысқазақстандық ұжым пайдасына айып добын белгіледі. Ақтөбеліктер оны сәтті орындады. Гол авторы – Яни Атанасов. Осылайша қос команда да 1-ші таймда тең тарқасты.

 

ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші
– Әне-міне дегенше екінші тайм да басталды. Әзірге қос команда тең ойын көрсетіп келеді. Дегенмен, «Қызылжардың» есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды. Ал жанкүйерлер матчтың екінші бөлігінде өз командасынан жеңіс голын күтіп отыр. Ендіше олардың пікіріне құлақ түрейік.

 

Жанкүйерлердің басым көпшілігі жергілікті команданың жеңісіне сенімді болды. Көрерменнің қолдауын сезінгендей, екінші таймды солтүстікқазақстандық ұжым белсенді бастап, ойын тізгінін өз қолына алды. Соның нәтижесінде 60-шы минутта Ақтөбе клубының қорғаушысы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Енді артық құрамда жүрген “Қызылжар” қысымды одан әрі үдете түсті. Осы сәттің бірінде шабуылдаушы Лиридон Латифидің тепкен тобы Ақтөбе футболшысының қолына тиді. Көзі қырағы төреші “VAR” жүйесіне жүгініп 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Оны жергілікті аяқдопшы сәтті орындады. Ойын ары қарай да Қызылжардың басымдылығымен жалғасты. Ал 84-ші минутта батысқазақстандық ұжымның тағы бір футболшысы алаңнан қуылды. Жерлестеріміз қарсыласқа тыным бермеді, шабуылдады. Нәтижесінде 87-ші минутта есеп еселенді. Ұрымтал сәтті мүлт жібермеген – «Қызылжардың» 77-нөмірлі шабуылшысы Латифи. Сөйтіп, ойын 3:1 есебімен аяқталды. “Қызылжар” ФК кезекті жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі таңда жергілікті ұжым 22 ұпаймен 9-шы орынға жайғасты.

 

Улан Ыдырыс