Қоғам

Грузиялық веломарафоншы Петропавлға табан тіреді

Өңірге Грузиялық веломарафоншы Нодар Беридзе табан тіреді. Ол 2014 жылдан бері қос дөңгелекті көлігімен 70 мың шақырымды артта тастап 28 мемлекетті аралаған. 2017 жылдың жазында ол Владивостоктан бастап Лиссабонға дейін үлкен велосапарға шыққан. Сол жолы Нодар Еуразия құрлығын кесіп өтіп, шамамен 24 мың шақырымды еңсерген екен. Теріскейге ер азамат Алматы қаласынан келіп отыр.

НОДАР БЕРИДЗЕ, веломарафоншы, Грузия Республикасы
– Менің бұл Петропавлға алғаш рет келуім емес. Бұған дейін мен 2017 жылы жазда болған едім. Алдағы уақытта Халықаралық бейбітшілік күні, яғни қыркүйектің 21-ші жұлдызы ауқымды іс-шара бастамақ ниеттемін. Ол бойынша Қытай, Әзірбайжан және Орталық Азия елдерінің веломарафоншыларымен бірлесіп Хоргос қаласынан бастап Грузияның Батуми қаласына дейінгі аралықты жүріп өтеміз. Жол бойында түрлі қалаларда тоқтап, ауқымды кездесулер өткізіп, спорттық сайыстарға қатысамыз. Бұндай марафон әлемде әлі болған жоқ. Мұндағы басты мақсат – халықтар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілік идеясын дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Улан Ыдырыс