Қоғам

Әнуар Тоқпанов: “Әр дауыс маңызды”

Құрылтай сайлауына небәрі 20 күн қалды. Саяси бәсекеге түсетін 7 партия еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірпалаталы Парламент құрамына 545 кандидат үміткер болып отыр. Елдің дамуы үшін маңызды науқан қарсаңында қоғам белсенділері мен сарапшылар жалпыхалықтық сайлаудың маңызы жайлы өз пікірлерін білдіруде. Солардың бірі – “Рух. Тіл. Жаңғыру” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуар Тоқпанов. Ол алдағы сайлауға қатысты өз ойын ортаға салды әрі азаматтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух.Тіл.Жаңғыру” ҚБ төрағасы:
– 23 тамыз – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бұл күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп, заң шығарушы органның құрамына 145 депутат сайланады. Бұған дейін елімізде Сенат пен Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламент жұмыс істесе, енді заң шығарушы билік бір палаталы Құрылтай арқылы жүзеге асырылады.

Улан Ыдырыс