Kurultai banner mobile

Қоғам

Тәртіп бар жерде тазалық бар

Тәртіп бар жерде тазалық бар! Тайынша ауданында аббаттандыру жөніндегі мониторингілік топтың жұмысы жалғасуда. Кезекті сапар Келлеровка және Красная Поляна ауылдарына жасалды. Аудан әкімі Берік Әлжанов елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы іске көз жеткізді. Кемшіліктер бар. Оларды жою жөнінде тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, үйлері мен аулаларын таза ұстайтын, жұртшылыққа үлгі болатын тұрғындармен тілдесу өтті. Енді мониторингілік топ Тайынша ауданындағы өзге де ауылдарға бармақ.