Kurultai banner mobile

Қоғам

СҚО-да 200 шақырымға жуық электр беру желісі жөнделеді

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ атқарылған жұмыстың қорытындысы және атқарылатын істің жоспарымен бөлісті. Жылдық жоспарға сүйенсек, өзекті салада бірсыпыра оң өзгеріс орын алады. Мысалы, ағымдағы жылдың соңына дейін аймақта 183 шақырым әуе және кабельдік электр беру желісі жөнделеді. 6 ірі қосалқы станция мен 20 трансформаторлық пункт жаңартылады. Өңірдегі барлық энергетикалық кешеннің ғимараттары мен құрылыстары күрделі жөндеу көреді.