Kurultai banner mobile

Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру жүргізеді

Денсаулық сақтау министрі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізуді тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады. Тексеру қорытындылары бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі. Айта кету керек, медициналық көмек көрсету барысында туындайтын инфекциялардың алдын алу медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала береді. Қабылданған кешенді шараларды іске асыру аналар мен жаңа туған нәрестелердің қорғалу деңгейін арттыруға, инфекциялық бақылау жүйесін нығайтуға және азаматтардың отандық денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – салдармен күресу емес, тәуекелдердің алдын алу. Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби тұрғыдан жан-жақты талданып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы тиіс. Ашық әрі объективті көзқарас қана медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.