Kurultai banner mobile

Ауыл шаруашылығы

Айдарбек Сапаров егін жинау науқанын жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте егін жинау науқаны барысы талқыланды. Өңір әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес күздік дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жалғасуда. Өңірлердің мәліметіне сәйкес дәнді және майлы дақылдар алқаптарының 99%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жаңа өнімді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік облыс әкімдіктерімен және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп элеваторларда сақтау орындарын босату жұмыстарын жүргізуде. Ведомство басшысы өңір әкімдіктеріне жанар-жағармайдың уақытылы жеткізілуіне, техникалардың, астық кептіру кешендерінің, элеваторлар мен қоймалардың дайындығына қатаң бақылау жасауды, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына күн сайын мониторинг жүргізіп, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қатарынан екінші жыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Жеңілдетілген несиелеу аясында 750 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні оның 641 млрд теңгеден астамы игерілді. Ерте қаржыландырудың арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс пен егін жинау науқандарына дер кезінде қамданып үлгерді. Бүгінгі алдымызда тұрған негізгі міндет – егін жинау науқанын жоғары деңгейде өткізіп, межелі мерзімде сапалы аяқтау.