Kurultai banner mobile

Қоғам

Тазалық және тәртіп: «Лебяжье» көлін жалға алушыға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қызылжар ауданында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы мен “Заң және тәртіп” қағидасы аясында алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары, Вагулин ауылдық округі әкімінің аппараты және учаскелік полиция инспекторынан құралған мониторингілік топ “Лебяжье” көлін жалға алушымен жүздесті. Кездесуде аумақты абаттандыру, тазалықты сақтау, қоқыстың жиналуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу туралы мәселелер талқыланды. Ал көлді жалға алушыға су жағасында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы нұсқама берілді. Абаттандыру және қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.