Петропавлда «Балық аулайтын торлар теңізі» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында жарық көрген туынды. Ол күллі қоғамды алаңдатқан өзекті мәселеге арналған.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы:
— Балық аулайтын торлар теңізі» фильмін көрсетудегі мақсат – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Фильм Каспий теңізінің ластануымен байланысты. Сондықтан осы фильмді көрсету арқылы жалпы халыққа, әсіресе жастар тәлім-тәрбие алатындай, табиғатты, қоршаған ортаны аялап, жақсы қарайды деген ниеттеміз.
Каспий теңізінің ластануы – сабақ алатын табиғи апат. Бұндай қателікке жол берілмеуі керек. Ол үшін әр адамның бойында Отанға деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға деген құрмет болуы қажет. Мұндай қасиет «Таза Қазақстан» сынды игі бастамалардың арқасында да қалыптасады.
НҰРӘЛІ МҰХАМЕДЖАН, студент:
— Біріншіден, бұл деректі кинокөрсетілім жастарға экологиялық мәдениет, экологиялық мәселелердің шешімі және “Бұл мәселе қалай пайда болады?” деген сұраққа жауап береді. Әр адам экологиялық мәдениетке өз үлесін қосса, біздің еліміз таза болады деп ойлаймын.
Айта кету қажет, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негізделген «Балық аулайтын торлар теңізі» фильмін 50 адам тамашалады.

