Kurultai banner mobile

Қоғам

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бірінші жартыжылдықты қорытындылады

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның қызметкерлері қоғамдық тыңдау өткізіп, жиында бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылады. Ағымдағы жылдың алты айында 2-ЖЭО энергетиктері тұтынушыларға 1 млн 94 мың гигакалория жылу энергиясын өндіріп, жеткізді. Оның негізгі бөлігі тұрғын үйлер мен кәсіпорындарға арналған ыстық суға тиесілі болса, қалған көлемі өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін жеткізілген будан тұрады. Станцияда алдағы жылыту маусымына дайындыққа баса назар аударылып жатыр. Осы орайда бірінші жартыжылдықта кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, №2 қазандық агрегатын қайта құру, №6 қондырғының негізгі бойлерін ауыстыру және жаңа сорғы станциясына қатысты қайта құру жобасы қолға алынған. Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады деп сендірді кәсіпорын директоры Дмитрий Захаров.

ДМИТРИЙ ЗАХАРОВ – Петропавл 2-ЖЭО директоры:

— Бұл жобалар жай ғана жоспарлы іс-шаралар емес, бұл — өңірімізді алдағы онжылдықтар бойы сенімді энергиямен жабдықтауға салынған стратегиялық инвестициялар. Жаңартылған жабдық станция жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, оның экологиялық көрсеткіштерін де айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.