Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда жүргізуші куәлігі уақытша берілмейді

Мамандандырылған ХҚКО-ның автодромы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Жаңғырту жұмыстары 14 күнге созылады. Оның барысында автодромның асфальтбетон төсемі ауыстырылады. Аталмыш кезеңде жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметі қолжетімсіз болады. Бұдан бөлек осы уақыт аралығында емтихан тапсыру және сынақ жүргізу күнін алдын ала брондаған қызмет алушыларға емтиханның жаңа күнін таңдау қажет. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде мамандандырылған ХҚКО-да барлық басқа мемлекеттік қызметтер штаттық режимде көрсетіледі.