Kurultai banner mobile

Спорт

Борки кентінде биатлоннан ҚР жазғы кубогі өтіп жатыр

Петропавлдың Борки кенті жас биатлоншылардың басын қосты. Мұнда 2011-2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында биатлоннан ҚР жазғы кубогі өтіп жатыр. Додаға еліміздің 10 облысынан келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Турнир Grand Tour Biathlon сериясының төртінші кезеңі аясында ұйымдастырылып отыр.

ИГОРЬ ИЛЬИН, биатлоннан СҚО-ның аға жаттықтырушысы:

— Жалпы, турнир Grand Tour Biathlon сериясының аясында өтуде. 5 кезеңнен тұрады. Оның 3-еуі қыс мезгілінде ұйымдастырылды. Спортшылар 3 шақырымды еңсеруі тиіс. Әр мың метрден кейін пневматикалық қару арқылы оқ атады. Оқ көздеген нысанаға дәл тимеген жағдайда айып айналымын жүгіру қажет. Бізде сайыс 11-12 және 13-15 жас санаттары бойынша өтеді.

Бағдарламаға сәйкес спортшылар спринт, жеке жарыс және эстафетада бақ сынайды. Ұл-қыздар әзірге спринттік жарысты аяқтады.

САНЖАР НҰРЛЫБАЕВ, биатлоншы, Ақтөбе облысы:

— Ақтөбе облысынан келдім. Биатлонмен 3 жылдан бері айналысып жүрмін. Петропавл қаласына жүлделі орын алуға келдім.

Айта кетейік, алдағы уақытта Grand Tour Biathlon сериясының 5-ші қорытынды кезеңі Астана қаласында өтетін болады.

Ұлан Ыдырыс