Embeds for YouTube: No video/playlist ID has been supplied
https://www.youtube.com/watch?v=jzXHT9pzhus/youtube]Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында “Ауыл құтқарушылары” бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде өңірде заманауи талаптарға сай 12 өрт сөндіру бекеті ашылып, 78 ерікті өрт сөндіруші арнайы даярлықтан өтті. Қазіргі күні аталмыш бағдарлама аясында Айыртау ауданының Қамсақты ауылында да жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Мейрам Меңдібаев қатысып, ауылдық округ тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің 9 елді мекендегі 1 мың 300-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқаратын рөлі зор. Нысан қажетті өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және арнайы жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл ауылдық жерлерде өртке қарсы қорғаныс тиімділігін арттырып, төтенше жағдайлардың әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, СҚО ТЖД басқарма бастығы:
— Мұнда 2 қызметкер жұмыс істейтін болады. Аталмыш пунктте “Урал” өрт сөндіру автоцистернасы, қос қысқы және жазғы арнайы киім жиынтығы, 3 жылжымалы радиостанция бар. Бұдан бөлек өрт сөндіру бекетінде қызметкерлерге арнап ас үй, демалыс және жуыну бөлмесі қарастырылыған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Мамандар бұл бастама адам өмірі мен мүлкін қорғауға, сондай-ақ ауылдық аумақтардағы өрт қауіпсіздігі деңгейін одан әрі арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Ұлан Ыдырыс

