Мамырдың 28-ші жұлдызынан бері жеңіс көрмеген “Қызылжар” футбол клубы сенбі күні 3 ұпай еншіледі. Петропавлдық команда ел біріншілігінің 19-шы туры аясында талдықорғандық “Жетісумен” кездесті. Тартысты матч 1 де 2 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан жартылайқорғаушы Александр Нойок пен шабуылшы Стефан Баокен көзге түсті. Бұл жеңіс “Қызылжарға” турнирлік кестеде 12-ші сатыға көтерілуге мүмкіндік берді. Ендігі матч тамыздың 1-і күні “Қарасай” стадионында өтеді. Бұл жолы біздің жігіттер азулы “Ақтөбе” ұжымымен күш сынасады.

