Kurultai banner mobile

СҚО әкімдігі

Жаңа Ата заң жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады – қоғам белсенділері

Елімізде Құрылтай депутаттарын сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Қазіргі таңда саяси партия өкілдері сайлаушылармен кездесулер өткізіп жатыр. Олар сайлауалды бағдарламаларын жұртшылыққа таныстыруға, сондай-ақ үгіт-насихат материалдарын таратуға толық құқылы. Осыған орай Тимур Әлжанов жастардың жалпыхалықтық сайлау науқанындағы рөлі ерекше маңызды екенін атап өтті.

ТИМУР ӘЛЖАНОВ, СҚО жастар мәслихатының төрағасы:

— Қазіргі таңда қазақстандық жастар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып оның дамуына елеулі үлес қосуда. Соның ішінде теріскейлік ұл-қыздар да бар. Өңір жастары әсіресе волонтер және ерікті ретінде белсенділік танытады. Соның арқасында облыста талай игі істер атқарылды. Сол себепті, мемлекет те жастарға зор қолдау көрсетуде.

Аталмыш пікірді Дариға Смайылова да құптайды. Қоғам белсендісінің сөзінше, жаңа Ата заңға ең алғаш рет волонтерлік қызметке қолдау көрсету нормасы енгізілді.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, СҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі:

— Жаңа Конституция енгізілгеннен бері біздің жастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Айта кетейік, билығы жылдың шілде айында заңды күшіне енген жаңа Конституция 1 преамбула, 96 бап және 11 бөлімнен тұрады.