Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда “Qyzyljar Сабантой-2026” өтеді

26 шілде күні сағат 13:00-де Петропавл қаласының орталық алаңы нағыз өнер мен шаттық мекеніне айналмақ. Шаһарда “Qyzyljar Сабантой-2026” мерекесі атап өтіледі. Кеш қонақтарының назарына әсем ән мен биге толы концерт, театрлық қойылымдар мен ұлттық нақыштағы көрмелер ұсынылады. Мерекеде “Алатау серілері” этно-фольклорлық тобы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, “Мәңгілік” би ансамблі, сондай-ақ татарстандық танымал өнерпаздар өнер көрсетеді.