Kurultai banner mobile

СҚО әкімдігі

Петропавлда Ұлттық сарапшылар алаңының отырысы өтті

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жаңа Конституцияны талқылауға арналған “Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы: өңірлердің көзқарасы” атты Ұлттық сарапшылар алаңының отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне облысқа арнайы келген Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мұрындық болды. Алқалы жиын барысында сарапшылар мен теріскейлік қоғам белсенділері Ата заңдағы реформалардың нәтижелерін, олардың өңірлердің дамуына тигізетін әсерін және мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерді талқылады.

ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

— 1-ші шілдеден бастап жаңа Конституция өз күшіне енді. Президент айтқандай бұл Қазақстанның жаңа дәуірін айқындайтын құжат болып жарияланды.

Жиын барысында заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева жаңа Конституцияны қабылдауымыз қоғамның дамуын, оның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің қалыптасқанының айқын дәлелі екенін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта 23-ші тамыз күні өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, заң ғылымдарының кандидаты:

—  Құрылтай – қазақтың төл ұғымы. Оның мәні халықтың басын қосып, елдік мәселелерді ақылдасып шешу.

Айта кетейік, Ұлттық сарапшылар алаңының отырысы еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін аталмыш кездесулер Семей, Көкшетау, Алматы қалаларында өткен болатын.

Ұлан Ыдырыс