Теріскейлік спортшылар Тайланд төрінде жүлделі болды! Жақында Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Айтулы жарыста солтүстікқазақстандық ұл-қыздар сәтті өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында бақ сынаған жерлестеріміз 3 бірдей медаль жеңіп алды. Егор Демков 100 метрлік еркін стильдегі эстафетада қола жүлдеге ие болса, Евгений Ялунин жалпы ұзындығы 400 метрден тұратын аралас эстафетада қанжығасын күміспен майлады. Мұндай жетістікке тағы бір спортшымыз Яна Лукьянчикова да жетті.

