Kurultai banner mobile

СҚО әкімдігі

Сәуле Мәлікова: “Қос палаталы Парламент кезінде кейбір рәсімдер ұзаққа созылған еді”

Тамыздың 23-ші күні елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Құрамына 145 атқамінер кіретін, бір палаталы жүйеден тұратын заң шығарушы органның тарихи маңызы зор. Құрылтай институты Түркі дәуірінен бастап Қазақ хандығы кезеңіне дейін ел тағдырын айқындайтын көптеген саяси шешімдерді қабылдауға септігін тигізген. Осы орайда облыстық архив директоры Сәуле Мәлікова өз пікірін білдірді.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

— Жалпы, “Құрылтай” – Түркі, Алтын орда дәуірінен келе жатқан ұғым. Кейінірек ол Қазақ хандығында да сақталған. Құрылтайларда үлкен мәселелер қаралған.

Бұдан бөлек, Сәуле Мәлікова бұрынғы қос палаталы Парламенттің кемшіліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, заң жобаларын қарау барысында ескі жүйе кейбір рәсімдердің ұзаққа созылуына әкелетін еді.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

— Біз бұған дейін екі палаталы Парламенттің жұмысын көріп келдік. Жағымды жақтары көп, бірақ заңды қабылдаған кезде созылмалы процестер көп болды. Ал қазіргі заманға сәйкес біз уақыттың жеделдеуі және жаңа реформаларды жүзеге асыруда осы бір палаталы Парламенттің ісі өте тиімді болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде бір палаталы парламент 100-ден аса мемлекетте бар, ал екі палаталы заң шығарушы жүйе 80-ге жуық елде қалыптасқан.

Ұлан Ыдырыс