Kurultai banner mobile

Қоғам

“Құқықтық дәріхана” шарасы аясында тұрғындар су және жылу мәселесімен жиі жүгінеді – прокурорлар

Мазалаған мәселе, түйінді түйткіл, табалдырық тоздырып іздеген жауап. Прокурорлар “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында кезекті “Құқықтық дәріхана” іс-шарасын өткізді. Мамандар бұл жолы бескөлдіктермен жүздесті.

ҚАЙСАР ӘБІШЕВ, Қызылжар ауданының прокуроры:

— Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық көмекке деген қолжетімділігін арттыру. Әр келген азаматқа өзінің әртүрлі мәселесі, сұрағы бойынша құқықтық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта прокуратура органдары ғана емес, сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдардың мамандары қатысады. Осы акция барысында біз шұғыл түрде тұрғындарға құқықтық көмек береміз.

“Құқықтық дәріхана” іс-шарасы – күрмеулі мәселе шешілетін алаң. Акция апта сайын ұйымдастырылады. Әр кездесуге 20-ға жуық адам келеді. Көбі су мен жылу мәселесін көтереді. Бір Қызылжар ауданында бүгінге дейін 150 адамның мәселесі шешімін тапқан. Бүгін шешім іздеп келген жанның бірі – Самат Аслямов. Жасы 50-ге келген азамат – екінші топ мүгедегі. Екі баланың әкесін баспана мәселесі толғандырады.

САМАТ АСЛЯМОВ, Бескөл ауылының тұрғыны:

— Әйеліммен және екі баламмен бір бөлмелі үйді жалдап тұрып жатырмыз. Айына 30 мың теңгеден төлейміз. Мен жұмыс орнында жарақат алып, мүгедек болып қалдым. Кейін инсультке ұшырадым. Жұбайым бала тәрбиесімен үйде отырады. Ұл-қызым кәмелет жасқа толмаған. Бізге кеңдеу жер керек.

Бұйымтай тыңдалды. Мұқтаж азаматқа заң аясында қолдау көрсетіледі.

Аружан Сұлтанова