Есіл өзенінде жүргізілген рейд барысында тыйым салынған жерде шомылып жүрген 41 жастағы ер адам анықтады. Қызылжар ауданының тұрғыны жалпы су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірге рейд өткізіп, демалушыларға арнайы жабдықталған орындарда ғана суға түсу қажеттігін айтты.
— Совместно с ДЧС в целях пресечения несчастных случаев с участием несовершеннолетних. Сегодня идет очередной рейд, в ходе которого разъясняем несовершеннолетним о том, что необходимо соблюдать правила безопасности на водоемах, чтобы вы не находились без сопровождения родителей и не купались в местах, где не положено купаться.
Шомылу маусымы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған 208 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

