Қостанайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша IX Кубогы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша теріскейлік құтқарушылар жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Жерлестеріміз сапынан Аңсар Шамшолаевты ерекше атап өтуіміз қажет. Ол “100 метрлік кедергілер жолағынан өту” сайысында қарсыластарын басып озып, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Бұл жеңіс жалпы тізімде үздіктер қатарынан көрінуге ықпал етті.

