Kurultai banner mobile

Спорт

Петропавлда волейболдан ҚР ІІМ чемпионаты өтуде

Петропавлда волейболдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтуде. Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 25 команда қатысуда. 260 тәртіп сақшысы бір апта сынға түсіп, жеңімпаз бен жүлдегерді анықтайтын болады. Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыс және жергілікті департамент басшылығы мен құрметті қонақтар қатысты. Шара барысында мәдени-спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сонымен қатар, өңірдің жас спортшылары көрерменге арнайы көрсетілімдерін ұсынды.