Петропавлдағы “Құлагер” ипподромында СҚО-ның 90 жылдығына орай дәстүрлі спорт түрі – бәйгеден “Әкім кубогы” өтті. Дүбірлі додаға еліміздің 10 облысынан келген шабанбоздар қатысты. Сайысқа құйрық-жалы таралған 50-ге жуық жүйрік сәйгүлік шығарылды. Олардың бабы 4 қашықтық бойынша сыналады. Сайыстың қысқа бөлігінде “Орлов” орыс тұқымды жылқылары 1600 м-ді бағындырады. Одан кейін ұлттық “Жорға” жарысы өтеді. Бұдан соң шабандоздар 12 мың метр қашықтыққа сайысады. Жарыстың басты талабына сәйкес шабандоздың салмағы 55 келіден аспауы тиіс. Ал жалпы тұлпарды 8 жастан бастап тізгіндеуге болады.
Әбдурахман Асанұлы дүбірлі додаға онау Алматы қаласынан ат терлетіп келіп отыр. Ол таза ағылшын тұқымынан шыққан Диана есімді сәйгүлікті тізгіндейді. Жас шабандоз бүгінгі бәйгеде 30 жүйріктің ішінен оқ бойы озып 2-ші келді. Нәтижесінде қанжығасына 500 мың теңге байлады.
ӘБДУРАХМАН АСАНҰЛЫ, шабандоз, Алматы облысы:
— Шауып жүргеніме 2 жыл болды. Осы сәйгүлігіммен бәйгеге бірінші рет қатысып отырмын. Менің басты мақсатым – алдыңғы көште шапқан жылқыларды ұзартпау болды.
Ал бірінші орынды иеленген шабандоз – Астана қаласынан келген Әмір Мұстафин. Ол Оқжетпес есімді тұлпарымен бас жүлде – Chevrolet Cobalt көлігін ұтып алды. Бұл – Әмірдің Оқжетпеспен ұтқан 3-ші темір тұлпары.

