Kurultai banner mobile

Спорт

“Қызылжар” ФК ұпай еншіледі

“Қызылжар” футбол клубы көптен күткен ұпайға қол жеткізді. Сенбі күні петропавлдық команда ел біріншілігінің 18-ші туры аясында қостанайлық “Тобылды” қабылдады. Бұл матч 1 де 1 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан голды алғашқы таймда жақында ғана қатарға қосылған албаниялық шабуылшы Лиридон Латифи соқты. Тартысты ойында теріскейліктерге жеңіс ауадай қажет еді. Себебі, қазір “Қызылжар” турнирлік кестеде 16 ұпаймен “қауіп аймағына” жақын тұр. Ендігі матч шілденің 25-і күні сырт алаңда өтеді. Біздің жігіттер Талдықорған қаласына қонаққа барып, “Жетісу” ұжымымен күш сынаспақ.