Kurultai banner mobile

Спорт

Кәсіпқой боксшы Евгений Павлов қарсыласын сұлатып салды

Америкадан ақжолтай хабар жетті! Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жарқын жеңіске жетті. Екінші жеңіл салмақта бақ сынап жүрген жерлесіміз Колумбия мықтысы Альбейро Паредесты тізе бүктірді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған еді. Алайда, алғашқы раундта-ақ аяқталды. Отандасымыз қарсыласын жойқын соққымен сұлатып салды. Осылайша бос тұрған 2 бірдей чемпиондық белбеудің иегері атанды. Қоса кету қажет, бұл – Петропавл тумасының кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі.