Kurultai banner mobile

Қоғам

Ақжар ауданында жасөспірім қазаншұңқырға суға түсіп, батып кетті

Облыста 16 жастағы бала суға батып кетті. Оқиға Ақжар ауданындағы Бостандық ауылынан 5 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім мал бағып жатқан сәтте шомылуға тыйым салынған аймаққа барып, нақтырақ айтқанда жасанды қазаншұңқырға суға түскен, салдарынан қайғылы жайт орын алды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, биыл шомылу маусымы басталғалы өңірдегі су айдындарында 16 қайғылы жағдай тіркелді. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 60-қа жуық өзен, 2 мыңнан астам көл және 130-ға жуық жасанды қазаншұңқыр бар. Аталған су орындарының 61-інде ғана шомылуға рұқсат етілген.